Петропавлда 4-ші қабаттан секірмек болған адам құтқарылды

Петропавлдық құтқарушылар 4-ші қабаттан секірмек болған адамды аман алып қалды. Оны құтқару үшін арнайы операция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhу -на сілтеме жасап. 

СҚО Төтенше жағдай департаментінің дағдарыс жағдайындағы басқармасының жедел кезекшісіне Петропавл қаласының Береке шағын ауданында жас жігіттің өміріне қауіп төнгені туралы қоңырау түскен.

Сол сәтте ақпарат Өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару жасағына берілген. Оқиға орнына Айбол Отарбаев бастаған топ дереу жетті. Оларға көп қабатты ғимаратқа жету, бағдарлау және жұмысқа кірісу үшін бірнеше минут қажет болды.

«Біз оқиға орнына жеткенде 4-қабаттағы терезені ашып, жігіт шығып тұрды. Ол былапыт сөздер айтып, секіруге оқталды. Төменде тұрған полиция қызметкерлері онымен тілдесіп, райынан қайтармақ болды. Бірақ нәтиже шықпады. Мен уақыт оздырмай альпинистік жабдықты қолданып әрекет етуіміз керек екенін түсіндім. Жігіттермен 5-ші қабатқа көтерілдік. Басты міндетіміз – терезеге сырттан жақындап келіп, секірмек адамды ішке қарай итеріп жібреру болды. Бәрі мен үшін де, ол үшін де сәтті аяқталды. Өмірмен қоштасу оңай емес. Сондықтан, ешкім мұндай ақымақтыққа бармаса екен деймін», – дейді Айбол.

Айбол бұған дейін де талайды құтқарған. Жанып жатқан нысандардан адамдарды алып шыққан. Өзінің бұл әрекетін ерлікке баламайды.

«Құтқарушылар физикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да мықты болуы шарт. Сондықтан, үнемі спортпен айналысамын. Мен доғары көтерілгенде әріптестерім жерде тұрды. Қандай да бір жағдай болса сақтандыру үшін. Оларға да алғысым шексіз. Бар міндетіміз – халыққа қызмет ету», – дейді ол.

Терезеден секірмек болған тұрғын арнайы есепке алынды. Онымен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.

 

Qazaq.today

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here