Оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Павлодар қаласының Малайсары батыр көшесіндегі көпқабаттың үйдің ауласынан ер адамның денесі табылды. Жедел жәрдем оның бойында ешбір тіршілік белгілері жоқ екенін анықтаған.
— Ер адамның жасы 30-да. Алдын ала болжам бойынша, ол биіктен құлаған. Өмірмен үйлеспейтін жарақат алып, қайтыс болған, – деп хабарлады облыстық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметінен.
Аталған мекенжайда орналасқан тұрғын үй 12 қабаттан тұрады.
Полиция департаменті аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.