Павлодарда аулада көлік қағып кеткен адам көз жұмды

Павлодарда аулада көлік қағып кеткен адам көз жұмды. Жол апаты Назарбаев даңғылы бойындағы 34-үйдің ауласында болған, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қаңтарда МАЗ маркалы автокөліктің жүргізушісі бұрылған кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылған, дегенмен сол жерде есін жимастан, көз жұмған.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.