Павлодарда 15 жастағы қыз үш күннен бері табылмай жатыр

Фото: poiskoviki_pavlodara_vita

Павлодарда 15 жастағы жасөспірім жоғалып кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Қыздың хабарсыз кеткеніне үш күн өткен. «VITA» іздестіру жасағының еріктілері 15 жастағы павлодарлықты іздеп жатыр, деп жазады el.kz.

4 мамыр күні Аяулым Нығмет Павлодар ауданының Набережное ауылындағы Абай көшесі, 4 мекенжайдағы үйінен белгісіз бағытта шығып, оралмаған.

Қыздың бойы — 160 сантиметр, арықша келген, шашы, көзі қара түсті. Қара түсті спорттық костюм, жилет және ақ аяқ киім киген.

Көрген-білген жандар болса, полицияға хабарласуын сұрайды.