Павлодар әуежайы сәуірден бастап жұмысын тоқтатады

Павлодардағы әуежай 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға байланысты жабылады. Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 1 сәуір мен 1 қараша аралығында әуежайда ұшу-қону жолағын кеңейтумен бірге қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты барлық бағыттар бойынша әуе қатынасы тоқтатылды, – делінген мәлімдемеде.

2025 жылдың қаңтарында Көлік министрлігі Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежайдың құрылысы туралы хабарлады.