Павлодар қаласы әкімінің орынбасары ұсталды

Әкімнің орынбасары ұсталғаны жөнінде ақпаратты антикор таратты, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

Ұсталған шенеунік – Арслан Кәлиакбаров.

 

«15 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерден пара алды деген күдік бойынша бизнесті қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар шеңберінде, жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары ұсталды», — делінген хабарламада.

 

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Кәлиакбаров қамауға алынды.

 

Qazaq.today 

6