«Кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері оның өтініші бойынша қылмыстың іздерін жасырған анасы мен танысын ұстады. Ұсталғандар қылмысын мойындады. Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 99-ібабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиға орнында мамандандырылған топ жұмыс істейді, Павлодар облысы ПД, прокуратура және Павлодар облысы әкімдігінің басшылықтары бар», — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін жеті жасар Милана Давыдованы іздеу үш күнге созылды. Бесқауға ауылында — Екібастұздан 55 шақырым жерде — бала жоғалып кеткені туралы хабар 17 қарашада сағат 21:14-те Төтенше жағдайлар департаментіне келіп түсті. Алайда бүлдіршін өлі күйінде табылды.