Фото: ТЖМ
ТЖМ өрт сөндірушілері кезекші тәулік ішінде Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында тұрғын үй секторларында 9 өртті жойды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндірушілер 3 шаруашылық ғимаратында, 3 моншада және 3 жеке үйде өртті жойған.
Құтқарушылардың үйлесімді және жедел жұмысының арқасында барлық өрттер жойылды.
Ал Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылындағы өртті сөндіру барысында 1984 жылы туған үй иесінің денесі табылды.