Павлодар облысында мұғалім оқушыны тұншықтырған 

Павлодар облысында ауыл мұғалімі оқушыны көпшіліктің көзінше тұншықтырып, ұрған. Оқушыға дөрекілік танытқан ұстаз үшін директорда жазаланды, деп хабарлайды  Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Павлодарлық пабликтердің бірінде Тереңкөл ауданының Береговое ауылындағы мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беретін мұғалімге шағым айтылған. Шағымда 13 мамырда педагог Мәди Дәулетпаев оқушылардың көзінше басқа бір «оқушыны ұрып, итеріп және тұншықтыратын әдіс қолданғаны» жазылған. Сегізінші сынып оқушысының «тыныс алу реті бұзылып, тәрбие жөніндегі оқу меңгерушісі оны үйіне жеткізген».

Тереңкөл аудандық білім бөлімі осы оқиғаға қатысты тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді.

«13 мамырда спорт ойындарын жүргізу кезінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Мәди Дәулетпаев ойын ережесін сақтамағаны үшін сегізінші сынып оқушысына ескерту жасаған. Оқушы ескертуге дөрекі жауап қатып, мұғалімді қолынан ұрып жіберген. М.Дәулетпаев оқушыны мойын тұсынан ұстап, өзіне қарай тартқан», – делінген хабарламада.

Мектеп әкімшілігі оқушымен сұхбат жүргізілгенін хабарлады. Ата-ана мұғалімге ешқандай шағым түсірмеді. Дегенмен, мектептегі әдеп кеңесі мұғалімнің іс-әрекетін қарап, оған қатаң сөгіс жариялады. Ал мектеп директоры К.Ибраева білім бөлімінен қатаң сөгіс алды.

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here