Павлодар облысында бір аптада екі сәби көз жұмды. Нәрестелердің өліміне баласын емізіп отырып ұйықтап кеткен аналары себеп болған, деп хабарлайды Qazaq.today.
Балаларын басып қалған қос ана да облыстың тұрғындары.
«20 тамыз күні 28 күндік нәресте көз жұмды. Анасы түнде тамақтандыру кезінде ұйықтап қалып, кеудесімен басып қалған», – дейді Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігері Жұлдыз Шахитдинова.
Ал екінші жағдай 14 тамыз күні болған.
«Нәресте екі ай жеті күндік болған. Шала туылғандықтан салмағы аз. Анасы емізіп жатып ұйықтап кеткен. Таңертеңгі сағат 03:15-те әйел оянғанда сәби өлі күйінде болған», – дейді дәрігер.