Павлодар облысында автогаз құю бекетінің 4 цистернасынан өрт шықты, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт Екібастұз қаласындағы автокөліктерге автогаз құю бекетінен шыққан.
«Өрт жақын орналасқан «Феруза» азық-түлік дүкеніне ауысты. Өрттің көрші ғимараттарға, жолдан кейін 100 м қашықтықта орналасқан меншік үй секторларына өту қаупі бар», — деп хабарлады ТЖД өкілдері.
Оқиға орнында 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеп жатыр.
Сағат 15.00-де түскен ақпаратқа сүйенсек, қазіргі сәтте өртт оқшауланды.
«Өртті сөндіру жалғасып жатыр», — делінген ТЖД Хабарламасында.
Qazaq.today