Павлодар облысында 12 жастағы қызды зорлаған туысы жындыханада жатыр — Оспанова

Павлодар облысында 12 жасында босанған қызға қатысты тың мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Орталық коммуникациялдар қызметінде өткен брифингте 12 жасында босанған оқушыға қатысты пікір білдірді.

«Павлодар облысында орын алған оқиға, яғни, 12 жастағы қыздың ана атанғаны сирек кездесетін жағдай. Бұл оқиға өте алаңдататын әрі байбалам салатын жағдай. Фактіні мектептің педагогтері байқады. Олар белсенді түрде психологиялық, медициналық қызметті шақырып, әрекет етті. Қылмыстық іс қозғалды», — деді комитеттің төрағасы Насымжан Оспанова.

Қыз баланы өз үйінде кәмелетке толмаған жақын туысы 2023 жылдың қазанында зорлаған. Қазір кәмелетке толмаған күдікті психиатриялық  ауруханада жатыр. Оспанованың сөзінше, 12 жаста ана атанған оқушы қыз мектепте оқи береді.

«Әрине, оқушы білімін жалғастырады. Психологиялық көмек көрсетіледі, оған педагогтер де атсалысады. Оқушылардың білім алуы Конституциямен қорғалған», — деп атап өтті Оспанова. 

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысы Шарбақты ауданында 12 жастағы оқушының ана атануы елді дүр сілкіндірді. Тергеу барысында қыз өзінің жақын туысынан зорлық көріп, аяғы ауыр болғаны анықталды.

29