Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды

Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы, генерал-майор Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды. ҰҚК экс-төрағасының інісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Telegram арнасындағы ресми парақшасында хабарланды. Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша жүргізілуде.

«Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасыy санкциялады. «Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды. Айта кетелік, Нұрлан Мәсімов 2022 жылдың 17 қаңтарында сол кездегі Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың жарлығымен қызметінен босатылған.

Соңғы

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы да ұзартылды

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, - деп жазды Ақорда. Израиль тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here