«Патриоттық рухты көтеру»: елдегі ең алып ту көкке көтеріледі

 Биыл тұңғыш рет кең ауқымда тойланатын Республика күніне орай елдегі ең үлкен байрақ көкке көтерілмек. Аспанда ұшырылатын көк тудың көлемі футбол алаңындай болады. 800 шаршы метрге жететін тудың ұшырылуын халық Іле Алатауының баурайынан байқай алады.  «Ашық аспан» акциясы атты іс-шара барысында ту 3000 метр биіктікке тікұшақ арқылы көтерілді. Кейін туды парашюттен әлем рекордсменінің бастауымен арнайы топ тікұшақтан секіру арқылы көкте қалықтатады.

«Астананың басты ту бағанасында ілінген тудың ауданы 450 шаршы метрге тең. Осы жолы көкте қалықтайтын тудың көлемі 800 шаршы метр. Байрақ Республика күніне орай арнайы әзірленген. Алып байрақты көкке алып ұшудың нәтижесі Қазақстанның рекордтар кітабына енеді. Тумен секірудің биіктігі 3 шақырымды құрайды. Шараны ұйымдастырудың басты мақсаты – барлық қазақстандықтардың патриоттық рухын нығайту, сондай-ақ ұлт болып бөлінбей, бір-біріне деген толерантты қарым-қатынас пен бейбіт аспан концепциясын қолдау болып табылады», – деді шараның ұйымдастырушы Альмира Марден.

Іс-шараның басты ұраны — «Ашық Аспан», яғни қазақстандықтардың тұтастығын, бейбіт аспан астындағы тыныш өмірдің идеясын қамтиды. Одан бөлек бейбітшілікті сақтау мен Қазақстан Республикасы тұрғындарының әл-ауқатын одан әрі арттыруды білдіреді. Мерекелік шара  22 -қазанда Алматы облысының Байсерке  аэдоромында өтеді.

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here