«Байтақ» жасылдар партиясын бұрынғы банкирлер күшпен тартып алмақ. Саяси партияның төрағасы Азаматхан Әміртай осылай деп дабыл көтерді. Осыған дейінгі ақпарата, саяси партия жетекшісінің орнынан алынып қана қоймай, партия қатарынан қуылғаны жайлы да ақпарат тараған еді. Алайда бұл әрекеттерді Ахаматхан Әміртай жоққа шығарып, рейдерлік шабуылдардың басталғанын айтты,деп хабарлайды Qazaq.today.
«Ол өтірік ақпарат (жетекшінің орнынан алынуы- ред), бұрынғы «Казкомерцбанктің» басшысы болған адамдар, банк басқарған адамдардың ұйымдасқан тобы «Байтақ» жасылдар партиясын тартып алуға бар күштерін салып жатыр. Олардың жасаған протоколы, оған қатысқан адамдар жалған. Оған сенудің қажеті жоқ, біздің партиямыз штаттық режимде жұмыс істейді. 20 филиалымыз бар, 100 мыңға жуық белсендіміз бар. Олардың бәрімен жұмыс істеп жатырмыз», — деді Азаматхан Әміртаев.
Оның сөзінше, өткен жиынның күші жоқ және саяси партия мүшелерінің жиыны алдын ала хабарлану керек. Елді дүрліктірген мәлімдемелер бойынша жасырын өткен жиын жайында партия өкілдері полицияға арызданған.
«Олар ешкімге ескертпей, жиналысты өздері өткізіп жіберген. Ақпаратты ешкім естімеген. Жиналыс деген олай өтпейді. Байтақ партиясының жарғысы бойынша ондай кеңесті тек партияның төрағасы ғана шақыра алады. Олар «саботаж» жасап, өздері рейдерлік жолмен басып алғысы келіп отыр. Біз полицияға арыз бердік. Барлық партия бөлімшелерінің басшыларымен байланыстамыз. Алматыдағы филиал басшысы Жұмабек Бастаубаев бүгін сағат 15.00-де жиналыс өткізеді.
Олар заң алдында жауап берсін. Оған біз күш қолдана алмаймыз, ауыздарына қақпақ бола алмаймыз. Өздері заң алдында жауап берсін. Мен партияның төрғасымын, партия мүшелігіне қабылдайтын менмін», — деді партия төрағасы Азаматхан Әміртаев.
Qazaq.today