Париж-2024: Қырғыз боксшысы ел тарихында алғаш рет финалға шықты

Қырғызстандық боксшы Париж Олимпиадасында алынға таласады. Мұнарбек Сейітбекұлының финалға  шығуы қырғыздар үшін тарихи жеңіс. Қырғызстан тарихында Олимпиада ойындарынан осы күнге дейін жүлде алған бірде бір боксшы жоқ.  Мұнарбек Сейітбекұлы ақтық бәсекеде өзбекстандық Абдумалик Халоковпен алтын медальге таласады. Қазақстан ұлттық құрамасы бұл ойындарды бір күміс (Нұрбек Оралбай) және бір қола (Назым Қызайбай) медальмен аяқтады.

Мұнарбек 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Қырғыз боксшысы финалдың 1/8 кезеңінен бастап, 1 тамызға қараған түні кубалық Сайдель Хортаны ширек финалда жеңген.

4 тамызға қараған түні Сейітбек уулу АҚШ-тың әлем чемпионы Джамал Харвиге қарсы айқасып, тағы да жеңіске жетті.

9 тамызға қараған түні ол өзінің жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді. Қырғызстандықтың қарсыласы болгариялық Хавьер Ибанес Диас болды.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Мұнарбекке жеңіске жетті.