Қазақстанның қоржынына нысана көздеу спортынан тағы бір Олимпиада жолдамасы түсті. Оны ел құрамасы сапынан Ирина Юнусметова еншіледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Отандасымыз халықаралық ISSF оқ ату федерациясының олимпиадалық рейтингінен орын алды. Енді Юнусметова 10 метрге тапаншамен нысана көздеуден сынға түседі. Спортшы бұған дейін Каирдегі әлем кубогында қола медальға ие болған еді.
Бұл – нысана көздеуден Қазақстан құрамасының алтыншы жодамасы. Осы спорт түрінен төртжылдықтың басты додасына Иринамен қатар Ислам Сатпаев, Александра Ле, Никита Чирюкин, Арина Алтухова және Константин Малиновский де барады.
Ал жалпы, Қазақстан еншісіндегі Олимпиада жолдамасының саны 67-ге жетті.