Пара Азия ойындарынан Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Қытайда өтіп жатқан Пара Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Қоржынға алғашқы медальді Жаңыл Балтабаева салды. Ол параканоэда 200 метрге бақ сынап, қола медальді еншіледі.

Сондай-ақ Бибарыс Спатай Пара Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Ол пара каноэдан 43.601 секунд нәтижесімен екінші орынды иеленді.

Cонымен қатар Максим Богатырев пара каноэден қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі – 58.479 секунд.

Qazaq.today