Пара алған: Атырауда облыс әкімінің орынбасары 10 жылға сотталды

Атырауда Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевқа қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі. Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Таубаев пен Атырау облысы құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровтың қылмыстық ісі қаралды. Оларға пара алды деген айып тағылды.