«Папа, Ханторыны құтқар»: Жылқысы суға кеткен балаға кәсіпкерлер ат мінгізді

Фото: Бүлдіршіннің анасының жеке мұрағаты

Әлеуметтік желіде кішкентай бүлдіршіннің әкесіне жылқысы «Ханторыны құтқар!» деп жалынған сөзі тарап кеткен еді. Алайда Ханторы тасқын судың құрбаны болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Оқиға Ақтөбе облысына қарасты Ойыл аудаынында болған. Бейнежазбада баланың атасы көзіне жас алып, бәйгеде шабатын ат екенін, немересіне тиесілі екенін айтады. Көп ұзамай, кәсіпкерлер әкесі мен баласын арнайы шақырып, тосын сый жасап, ат мінгізді.

Бұл игі іске «Бәрекелді!», «Нағыз азамат», «Шүкір, осындай азаматтар барына», «Қазаққа жаны ашитын қазақ қана», «Болатын баланың бетін қақпа, белін бу деген осындайдан шыққан шығар» деп, оқырман қауым жылы лебізін білдіріп жатыр.