Соғыс болып жатқан Палестина аумағында Қазақстан азаматы мерт болды. Бұл туралы СІМ хабарлады.
«2023 жылғы 22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды. Өкінішке орай, онымен бірге Палестина азаматы болған оның 23 жастағы қызы да қайтыс болды.
Отандасымыз Газа секторында Палестина азаматы болып табылатын күйеуімен бірге ұзақ уақыт бойы тұрған», делінген хабарламада.
Qazaq.today