Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте болған жарылыстан кемінде 28 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жараланды. Geo.tv мәліметінше, лаңкес намаз кезінде алдыңғы қатарда болған, ол өзін жарып жіберіп, ондаған намазханды жаралаған.
Аурухана өкілі жарылыстан 28 адамның қаза тауып, 150-ден астам адамның жараланғанын айтты. Сондай-ақ зардап шеккен 10-нан астам адамның жағдайы ауыр. Аурухана зардап шеккендерге көмекке қан тапсыруды өтініп, азаматтарға жүгінді.
«Сұмдық жарылыс болды. Жарылыстан кейін айналаны түгел түтін басып қалды», — дейді оқиға куәгері.
Ол есін жиған кезде мешіт төбесінің құлағанын көргенін айтты.
Оқиға болған кезде мешітте кем дегенде 200 адам болған. Зардап шеккендердің басым көбі полицейлер болған.