Бүгін – Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні
19 қазан – Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысында ерен ерлігімен көзге түскен, Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні. Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысының Тайтөбе ауылында туған. 1942 жылы 18 жасында Қазақстан және Орта Азия сарбаздарын әскери дайындықтан өткізген Көкшетау қаласындағы атқыштар полкі қатарына алынады. Ал 1944 жылы Тамбов жалпыкомандалық жаяу…
