«Құм төсеп кеткен бе?!»: Петропавл – Долматово тасжолындағы “жөндеу” халықтың ашуын туғызды

Фото: Видеодан кадр Қызылжар ауданының тұрғындары Петропавл–Долматово бағытындағы жолдың сапасына наразы. Олар айтуынша, көптен күткен жөндеу жұмыстары қайтадан көзбояушылықпен аяқталған. Бірнеше күн бұрын жұмысшылар шұңқырларды тазалап, жол жиегін ретке келтіріп, жұрт «енді жөнделеді» деп қуанған. Бірақ қуаныш ұзаққа созылмады — 16–17 қазан күндері жолға құрғақ, асфальтқа ұқсас материал себіліп, еш тапталмай қалдырылған. Тұрғындардың бірі ашынып:…

Толық оқу

Трамп Зеленскийге Донбасты Ресейге беруді ұсынған – БАҚ

Фото: Kevin Lamarque / Reuters АҚШ президенті Дональд Трамп 17 қазанда Украина басшысымен Ақ үйде кездесті. Ол Владимир Зеленскийге Ресейдің шарттарын қабылдауды ұсынған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі DW агенттігіне сілтеме жасап. Financial Times басылымының жазуынша, Трамп Украина келіспеген жағдайда, Ресей президенті Владимир Путин елді жойып жібереді деп ескерткен. Ақ үй басшысы Зеленскийді Донбасс өңірін толықтай Ресейге…

Толық оқу

Өскемен әкімдігі немқұрайлы: полиция бекетіне пандус жоқ

Фото: Видеодан кадр Өскемен қаласындағы полиция бекетіне мүмкіндігі шектеулі азаматтар кіре алмай отыр. Ғимарат алдында бірнеше баспалдақ бар, алайда пандус мүлде орнатылмаған. Бұл – қолжетімді орта құру туралы заңның өрескел бұзылуы. Қолданыстағы талаптарға сәйкес, егер ғимараттың кіреберісіндегі биіктік айырмасы 4 сантиметрден асса, пандус орнату міндетті. Бұл ереже барлық мемлекеттік және қоғамдық нысандарға, соның ішінде полиция…

Толық оқу

«Құландағы апатты үй құлағалы тұр»: тұрғындар жылдар бойы әкімдікке дабыл қағып келеді

Фото: Видеодан кадр Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданына қарасты Құлан ауылындағы Сұлутөр көшесінде орналасқан 14-үй апатты жағдайда тұр. Тұрғындардың айтуынша, бұл үй 70 жыл бұрын салынған, ал бүгінде қабырғалары жарылып, төбесі опырылғалы тұр. Соған қарамастан, әлі күнге дейін мұнда көпбалалы отбасылар мен мүгедек жандар тұрып жатыр. «Үйде су да, жарық та жиі өшеді. Ескі ғимарат құлағалы…

Толық оқу

Қарағандыда кәріз суы өзенге құйылып жатыр: тұрғындар бірнеше жыл бойы иіске тұншығып отыр

Фото: Видеодан кадр Қарағанды облысының Курьянов елді мекенінің тұрғындары бірнеше жыл бойы шешілмей келе жатқан экологиялық мәселеге шағымданып отыр. Олардың айтуынша, Орал көшесіндегі кәріз жүйесінде болған ақаудан соң лас су үнемі өзенге ағып, Веснянка өзенін ластап келеді. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, бұл жағдай бір-екі апта емес, бірнеше жыл бойы қайталанып келеді. Кәріз суының иісі төңірекке тарап,…

Толық оқу
Яндекс.Метрика