Атыраулық блогер қамауға алынды
Атырауда жалған ұтыс ойынын өткізіп, қаражат жинаған деген күдікпен жергілікті блогер ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today. Әйел әлеуметтік желіде лотерея ойнатып, қайырымдылық акцияларын өткіземін деген желеумен қолданушыларға «ақылды швабра», ас үй ыдыстары, тәттілер, алтын сияқты бағалы сыйлықтарды сатып алуды ұсынған, сондай-ақ көпбалалы отбасыға үйге алып беруге ақша жинауды бастаған. …
