Экс-министр Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады — БАҚ
Қорғаныс министрі болған Руслан Жақсылықов қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Ulysmedia.kz cайтына сілтеме жасап. Экс-министр жексенбі күні ғана қызметінен босаған. “Выход к правде” телеграм арнасының мәліметінше, 10 маусымда Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов тергеуге алынып, Астана қаласының уақытша изоляторына қамалған. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланған жоқ.
