«10 млн теңге талап еткен»: Мұқағали Мақатаевтың ұлы әкесін қорлаған жігіттің көлігін алып қойды
Алматыда Наурызбай аудандық сотында ақын Мұқағали Мақатаевты балағаттаған блогер Әлішер Теменовке қатысты іс тоқтатылды, деп хабарлайды Qazaq.today. Теменовке Қылмыстық кодекстің 131-бабы 2-бөлігі (Қорлау) бойынша айып тағылған болатын. Бұл істі судья Бейнекүл Қайсина қарады. 16 маусымда өткен сот отырысында жәбірленуші Жұлдыз Мақатаев айыпталушыны кешіріп, істі тоқтатуды сұрады. Ол блогерден моральдық шығын ретінде он миллион теңге талап…
