Кадрлық өзгеріс басталды: Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Олжас Смағұлов тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq.today қала әкімдігіне сілтеме жасап. Олжас Смағұлов Алматы қаласында дүниеге келген. Олжас Мұхтарұлы Америкалық құрлықаралық университетін, Помона қаласындағы Калифорния мемлекеттік политехникалық университетін, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін және Лондон экономика және саясаттану…
