Құтқармақ болып құрбан болды: ШҚО-да үш жігіт суға кетті
Шығыс Қазақстан облысында үш жігіт суға кетіп, қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. Қара Ертіс өзенінен үш адамның мүрдесі табылды. Құтқарушылардың мәліметінше, екеуі суға кеткен жасөспірімді құтқармақ болған. Төтенше жағдай 2025 жылдың 21 маусымында Катонқарағай ауданына қарасты Боран ауылынан шамамен бес шақырым жерде болған. 2007 жылы туған жасөспірім шомылуға арналмаған аумақта суға батып кеткен….
