Президент Әлия Молдағұлованың мемориалдық ескерткіш кешеніне гүл шоғын қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына барды. Президент «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық ескерткіш кешеніне гүл шоғын қойып, оның рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Биыл қазақтың қайсар қызының туғанына – 100 жыл. Сонымен қатар Президент Ақтөбе жұртшылығымен әңгімелесті….

Толық оқу

Асаубаева ең мықты шахматшылар қатысатын турнирге шақырту алды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлемде ең мықты шахматшылар қатысатын жабық элиталық фристайл-шахмат турниріне шақырту алды, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеп.  Турнирге қатысатындар қатарында Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Хикару Накамура және қазіргі шахмат әлемінің өзге де танымал ойыншылары бар. «Бар болғаны 21 жастамын, ал мені ерлер арасында шахмат гроссмейстерлерінің өзі қатысуды армандайтын турнирге шақырды»…

Толық оқу

Алматы маңында жер сілкінді

Фото: kaztag.kz 2025 жылғы 25 маусымда Астана уақытымен 08:51:53-те ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. Сейсмикалық оқиға Қытай Халық Республикасының аумағында орын алды. Эпицентрі 44,220° солтүстік ендік және 86,580° шығыс бойлық координаталарында орналасқан – Алматы қаласынан шамамен 789 шақырым солтүстік-шығыста. Есептік…

Толық оқу

«Айтқан сөзіне жауап беруі керек»: Белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны сынады

Фото: instagram.com/narkenjeserikbaeva Түркістандық журналист Мақсұт Айтжанов әнші Наркенже Серікбаеваны сынға алды. Ол күллі оңтүстікке күйе жағып, мәлімдеме жасағандар жазалану керек екенін айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. Журналист басшы да, әнші де өздерінің таза екендіктерін дәлелдеу қажет, олай болмағанда қызметтерінен кету керек деп санайды. «Аяғы жаман төрді, аузы жаман елді былғайды» деген. Сонымен Наркенженің аузы жаман…

Толық оқу

Астанада вандалдар LRT вагондарын бүлдірген (ФОТО)

Назарбаев әуежайы станциясында тұрған су жаңа LRT вагондарының сыртын белгісіз біреулерлер шимайлап кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. Жолаушылар тасымалымен айналысатын City Transportation System компаниясы вандализм фактісін растады. «Вагондардың сыртына рұқсатсыз граффити салынғаны тіркелді. Бұл туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады компания өкілдері. Компания…

Толық оқу
Яндекс.Метрика