Ризабек Айтмұхан U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: ҰОК Ризабек әлем чемпионатындағы барлық қарсыластарын ірі есеппен жеңді. Сербияның Нови-Сад қаласында өткен 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында еркін күрестен 97 келі салмақта белдескен Ризабек Айтмұхан қола медаль иеленді. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол U20 әлем чемпионы, ирандық Аболфазил Бабалоны 7:1 есебімен жеңді. Іріктеу кезеңінде Ризабек айтарлықтай жетістіктерге жетті: Ибрахим Бенеколиді (Түркия) 11:1,…
