AZAL ұшақ апаты: Ресейлік әскери капитанның түсіндірме хаты жарияланды
1 шілде күні әзербайжандық Minval басылымы 2024 жылдың 25 желтоқсанында Грозныйға жақындаған кезде құлатылған Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 жолаушылар ұшағына байланысты ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ПВО) капитаны Дмитрий Паладичуктің түсіндірме хатын жариялады. Minval басылымының мәліметінше, редакцияға «анонимді дереккөзден сенсациялық материалдар» келіп түскен. Олардың арасында Паладичуктің жазбаша түсіндірмесімен қатар, шабуыл сәтінде түсірілген видео…
