Армения Ресейге наразылық нотасын жолдады: «Ішкі істерімізге өрескел араласты»
Ереван Мәскеуге ресми наразылық нотасын жолдады. Армения Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапынан елдің ішкі істеріне өрескел араласу байқалғанын айтып, бұл әрекетке қарсылық білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today Armenpress агенттігіне сілтеме жасап. Армения СІМ ресми өкілі Ани Бадалянның мәлімдеуінше, нота Ресей елшісіне тапсырылған. Онда ресейлік мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында және кейбір ресми тұлғалар тарапынан Армения билігіне қарсы айтылған…
