Данияр Елеусіновтің АҚШ-тағы жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

Фото: sportilinet.kz Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов (13-0, 8 KO) АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде филиппиндік Джеймс Бэконмен (26-6, 17 KO) жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланғанымен, екінші раундта-ақ аяқталды. Елеусінов қарсыласын жойқын соққылармен сұлатып түсірді. Бұл – қазақстандық боксшының кәсіпқой мансабындағы он үшінші жеңісі (оның сегізі…

Толық оқу

“Енді айтуға болады!” — Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділовтің жұмбақ өлімі туралы елең еткізер ақпаратпен бөлісті

Фото: Alash.kz Қоғам қайраткері, саяси тұлға марқұм Заманбек Нұрқаділовтің жұмбақ қазасына қатысты айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек тың мәлімдеме жасады. Бұл туралы Qazaq.today басылымы alash.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Журналист Жанар Байсемізбен екі жарым сағатқа жуық сұхбат құрған ақын халықтың қамы үшін бақилық болып кеткен тұлғалардың өлімі кездейсоқ болмағанын, сол үшін “қатты беріліп, шырылдамау” қажет екенін мысалмен…

Толық оқу

«Lenina 36»: Алматыдағы кафе әлеуметтік желідегі сыннан кейін атауын өзгертті

Фото: altyn-orda.kz Алматының орталығында жаңадан ашылатын кафе ресми түрде жұмысын бастамай жатып, көпшіліктің назарына ілікті — себебі мәзірі немесе интерьері емес, атауы. Lenina 36 деп аталған бұл орын, Достық көшесінің бұрынғы атауына сілтеме жасағанымен, әлеуметтік желіде үлкен пікірталас тудырды. Көптеген қолданушылар кафе атауында Ленин есімінің қолданылуын кеңестік дәуірді романтизациялау әрекеті ретінде қабылдады. Ал басқалары бұл…

Толық оқу

Сахнадан кеткен Төреғали Төреәлі қазір немен айналысып жүргенін көрсетті (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/toregalitoreali Сахнадан кеттім деген Төреғали Төреәлі жаңа тележоба ашты. «TORE SHOW — менің жаңа авторлық тележобам! Әр бейсенбі, ASTANA MUSIC HALL сахнасында. Жаңа қонақ. Жаңа тақырып. Жаңа ән», — деп жазды әртіс желідегі парақшасында. Айтуынша бұл кеште бәрі болады: шынайы арнау, терең сұхбат, әсерлі әндер, ерекше сюрприздер. Көрермендер саны — небәрі 150 адам. Ерекше…

Толық оқу

Қызылордада екі жастағы бала анасымен бірге лифтте қамалып қалды

Фото: © istockphoto.com Қызылорда қаласында жас ана мен екі жастағы сәби лифт ішінде қалып қойған. Бұл туралы ақпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram арнасында пайда болды. Оқиға 112 қызметіне техникалық ақаудан кейін лифттің тоғызыншы қабатта тұрып қалуытуралы хабарламадан басталған. Шұғыл әрекет еткен құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен лифт есігін ашып, ананы баласымен аман-есен сыртқа шығарды. «Жедел жеткен мамандар лифт…

Толық оқу
Яндекс.Метрика