Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңесте қаланың жарықтандыру жүйесінің шебер жоспарының жобасы таныстырылды. Құжат қаланың барлық аумағын және негізгі көлік бағыттарын қамтып, заманауи қауіпсіздік, энергия үнемділік және визуалды қабылдау талаптарына сай келетін сыртқы және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Талқылау барысында әкім жарықтандыру стратегиясы қағаз жүзінде қалмай, нақты нәтиже беретін жүйе болуы…
