Ақорда жаңалықтары Aitu ұлттық мессенджерінде қолжетімді болады

Фото: Руслан Желдібайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан Бұл туралы бүгін Президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  — Бүгіннен бастап Ақорда ресми жаңалықтарын Aitu ұлттық мессенджерінен де оқи аласыздар, — делінген хабарламада. Арнаға сілтеме: @aqorda_official.

Толық оқу

Алматыда тұрғын үй ауласында баланы тоқ соқты

Фото: Pixabay Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында кішкентай қызды тоқ соққан, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, оқиға Навои, 39 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің ауласында болған. «Үй ауласындағы шам бағасының жанында бір арматура шығып тұрды. Ойнап жүріп қызым соған тиіп кетті де, құлап түсті. Кейін арматурадан тоқ соққанын түсіндім. Қызым қазір жансақтау бөлімінде…

Толық оқу

Ақмола облысында екі ұшақтың апаты: әуе көлігі иелерінің жұмысы тоқтатылды

Фото: Азаматтық авиация комитеті Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Астана маңында биыл жазда болған екі ұшақ апатын тергеу жұмыстарына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. Ол ұшақ апатының әрбір оқиғасы бір жыл ішінде тексерілетінін еске салды. — Дегенмен, Азаматтық авиация комитеті Авиация әкімшілігімен бірлесіп тексеру жүргізу туралы және тергеу мерзімінде осыған қатысты ұшақ иелерінің қызметін…

Толық оқу

«Сыйластыққа сызат түспесін»: Тамара Асар өгей ұлын құттықтады (ФОТО)

Фото: @tamara_assar_official Әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуінің алдыңғы некесінен туылған ұлы Әлішерді жаңа жасымен құттықтады, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. «Шын жүректен Әлішер баламызды туған күнімен құттықтаймыз!!! Ажартайдың АҚАСЫ! Денің сау, бауырың бүтін,айналаң аман болсын!!! Адалдықпен адамгершілік алға жетелей берсін! Арамызда пайда болған жылылық пен сыйластыққа сызат түспесін! Мені көрген күннен “МАМА” деп атаған сеніміңе рахмет,…

Толық оқу

Шымкент сотының судьясы залдағы журналистке тілін шығарып, ерсі қылық танытқан (ВИДЕО)

Бұл күндері Шымкент қаласының сотында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиембайдың соты өтіп жатыр. Осы істі қарап жатқан судья Әбинұр Қарабаев процесті түсіруге келген журналист Ботагөз Омароваға тілін шығарып, ерсі қылық танытқан, деп хабарлайды Qazaq.today сайты Azattyq Rýhy сілтеме жасап. Бұған таң қалған Омарова судьяның видеосын әлеуметтік желідегі жеке парақшасына салып, оқиғаның…

Толық оқу
Яндекс.Метрика