Алматы облысында отбасылық жанжалдан кейін жоғалған әйел өлі күйінде табылды

Фото: volontery_almaty_lider.kz   Алматы облысы Іле ауданында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды. 1982 жылы туған Әбдірасұлова Мунирам Тоқтамышқызы 25 тамыз күні Құйған ауылындағы үйінен шығып кеткен соң, із-түзсіз жоғалған. Оны туыстары мен еріктілер іздестіру шарасына қосылып, бірнеше күн бойы таппай жүрген еді. Еріктілердің айтуынша, әйелдің денесі 29 тамыз күні табылған. Алдын ала…

Толық оқу

Алматыда тағы да жол апаты: көлік төңкеріліп қалды

Фото: cmn.kz Алматының Бостандық ауданында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Оқиға Розыбакиев көшесінде болған. Haval маркалы көлік ауладан басты жолға шыққан сәтте, сол бағытта оңтүстікке қарай келе жатқан Nissan автокөлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан кейін көліктердің бірі жол ортасында аударылып түсті. Полицияның мәліметінше, Haval жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Толық оқу

«Мәселелер адам жазылғанын күтпейді»: Руслан Берденов неге Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен бас тартты?

Фото: Шымкент әкімдігі Respublica партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров Берденовтың отставкаға кету себебін түсіндірді: «Бұл – мемлекеттік лауазым, жергілікті атқарушы биліктегі жауапты қызмет. Онда күн сайын шешімін күтетін сансыз мәселе туындайды. Ал Руслан 3-4 ай бойы ем алып жүрді. Әрине, проблемалар оның жазылуын күтіп тұрмайды. Сондықтан ол – елін сүйген, адал азамат ретінде орнын…

Толық оқу

Көпбалалы отбасыларға қосымша көмек тоқтатылуы мүмкін

Фото: istockphoto.com Қазақстанда тұрмысы жақсы көпбалалы отбасыларға мемлекеттен қосымша әлеуметтік қолдау берілмейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Министрдің сөзінше, өзгеріс заңды төлемдерге әсер етпейді. Мәселен, 10 баласы бар отбасы мемлекеттен ай сайын әр балаға 15 мың теңгеден, жалпы 150 мың теңге ала береді. Бірақ қосымша қолдаулар — мерекеге орай…

Толық оқу

Алматыда екі жасөспірім самокатпен сәби отырған бесікарбаны қағып кетті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр Алматыда екі жасөспірім самокатпен сәби мінген бесікарбаны қағып кетті. Абырой болғанда бала зардап шеккен жоқ, ал кінәлілер табылып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Оқиға 31 тамызда Алматының Орбита ауданында болған. Екі жасөспірім жол ережесін сақтамай, тротуармен қатты жылдамдықпен келе жатқан. «Jet» самокатына мінген екі кәмелетке толмаған бала қатты…

Толық оқу
Яндекс.Метрика