Ресей «террористік мемлекеттер» қатарына қосылды
Литва парламенті Ресейді бірауыздан «террористік мемлекет» деп таныды. Бұл туралы Qazaq.Today басылымы Ордаға сілтеме жасап хабарлайды. Delfi басылымының хабарлауынша, 10 мамырда Литва Сеймі Украинадағы «әскери операцияға» байланысты Ресейді «терроризмді қолдайтын және жүзеге асыратын мемлекет» деп есептейтін қарар қабылдады. Парламент депутаттары қарарға бірауыздан дауыс берді – 128 дауыс. Литва парламенті әскери операцияны «украин халқының геноциді» деп атады….
