Алматы облысында 5 жастағы қыздың денесі табылды
Алматы облысында лай көшкіні басып қалған бес жастағы қыз баланың денесі табылды. Жоғалып кеткен қыз баланы лай астынан іздеу кешке дейін жалғасқан. 15 мамыр күні түскі сағат 13:00 шамасында Текелідегі Қонаев көшесінде лай көшкіні жүріп, бес жастағы қыз бала жоғалып кеткен еді. Оны іздеуге екі жүздей адам жұмылдырылған. Текелі қаласындағы лай көшкінінің алдын ала ұзындығы…
