BI Group модульдік аурухана салу кезінде ақша жымқырған ба?
BI Group холдингіне қатысты Алматы мен Шымкентте модульдік инфекциялық ауруханаларды салу кезінде бюджет қаржысын ұрлау туралы сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл жайлы премьер-министр Әлихан Смайылов мәжіліс депутаттарының сауалына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат агенттігі. Пандемия кезінде уақытылы медициналық көмек көрсету үшін республикалық бюджет есебінен және жергілікті бюджет пен демеушілердің қаржыландыруымен 3 934 орынға…
