Қонаев қаласында «Ассамблея жастары» республикалық слеті өтті
Алматы облысы үш күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастарды қарсы алды. Бүгін Қонаев қаласын «Жаңа Қазақстан – тарих, дәстүр және мүмкіндік бірлігі» ассамблея жастарының слетіне қатысушылар жиналды. Айта кетерлігі бұл шара республика жастары үшін көптен күткен оқиға болды. Жастар үш күнде Кеген ауданындағы Дінмұхаммед Қонаев атындағы мемориалдық мұражайға барды. Ауыл ақсақалдармен кездесіп, әңгіме дүкен құрды….
