Алматыда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Алматыда алаяқтарға алданып жатқандар көп. Олар телефонындағы қаржы түсті деген жазуды көрсетіп, іле-шала із суытады, — деп хабарлайды «Хабар 24». Ал шын мәнінде, сатушыға бір тиын да аудармайды. Жалған түбіртектің түпнұсқадан ешқандай айырмашылығы жоқ. Биылдың өзінде Алматы қаласының Криминалдық полициясы мыңнан астам алаяқтық дерегін тіркеген. Олардың басым бөлігі мобильді банкинг қосымшалары арқылы ақша аудару кезінде…
