Толғағы келген әйелді жеткізбек болған: Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі өртенді
Дәрігерлер босанайын деп жатқан пациентті Қабанбай ауылынан Үшарал қаласына жеткізуге тырысқан. Толғағы келген әйелді тасымалдаған жедел жәрдем көлігі Алматы-Өскемен тасжолында өртенді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Басылым мәліметінше, 8 қарашада Жетісу полиция автопатрулі жедел жәрдем көлігінің жолда өртенуіне байланысты толғағы жеткен әйелді ауруханаға жеткізген. «Дәрігерлер босанайын деп жатқан пациентті Қабанбай ауылынан Үшарал қаласына жеткізуге тырысқан. Алайда…
