Түркияда қаза тапқандар саны 6 мыңнан асты
Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 6 мыңнан асты,-деп Qazaq.today хабарлайды Daily Sabah басылымына сілтеме жасап. Апаттар мен төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) дерегінше, зілзаладан көз жұмғандар саны 6234, ал зардап шеккендер саны 37011-ге жетті. Сондай-ақ қазіргі уақытта аймаққа көмек көрсетуге 79 110 адам жұмылдырылған. Qazaq.today
