«Z белгісіне құмар телеарналар тайраңдай алмайды»

Жазушы-публицист Марат Бәйділдаұлы «Масс-медиа туралы» Заңының жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі әзірлеп, E-gov сайтында жарияланған «Масс-медиа туралы» Заңының жобасымен танысып шықтық. Бұрын ауызша Баспасөз туралы заң деп айта беруші едік, бұл жоба «Масс-медиа туралы» деп аталыпты. Жоба үстіміздегі жылғы 2 ақпанда ұсынылыпты…

Толық оқу

Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Qazaq.today Үкімет сайтына сілтеме жасап.  Отырыста жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына 50 тонна гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылданды. Мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешектер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінеді….

Толық оқу

Түркияға аттанған қазақстандық құтқарушылар 3 адамды аман алып шықты

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) құтқарушылары Түркияда үйінділер астынан үш адамды аман алып шықты, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.  «Екінші эшелон Түркияға келген сәттен бастап Қазақстан ТЖМ құтқарушылары тәулік бойы құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Екінші эшелон үшін іздестіру-құтқару орны ретінде Нурдагы – Газиантеп қаласынан 69 шақырым жердегі толығымен қираған ғимарат бекітілді. Бұл нысанда қазақстандық…

Толық оқу

Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 14 мыңнан асты

Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 14 014-ке, жараланғандар саны 63 794-ке жетті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы  РИА Новостиге сілтеме жасап. «Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны — 14 014, жараланғандар саны 63 794-ке дейін жетті», — деді Түркия басшысы Газиантеп провинциясында сөйлеген сөзінде. Бұған дейін 13 мың адам қаза тауып, 63 мыңға жуық адам зардап…

Толық оқу

ҚМА миллиардер Анатолий Балушкинді Қазақстанға тергеу органына шақырды 

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстаннан тыс жерде жүрген миллардер Анатолий Балушкинді сотқа дейінгі тергеу органына шақырды. Бұл туралы құзырлы орган Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, күдікті Анатолий Балушкин 10 ақпанда сағат 17:00-ге дейін тергеу амалдарын жүргізу үшін Өскемен қаласы Новаторов көшесі 7/2 мекенжайында орналасқан Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің әкімшілік ғимаратына келуі қажет….

Толық оқу
Яндекс.Метрика