БҚО-ғы тікұшақ апатының болжамды себебі аталды

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев Батыс Қазақстан облысы аумағындағы тікұшақ апатының ықтимал себебін атады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.  «Батыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған тікұшақ пайдалануда көп болмаған, яғни жаңа техника екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар оны жөндеу іс-шаралары да уақытылы өткізілген. Бұл оқиға бойынша деректер тексеріледі. Тиісті комиссия құрылды. Қазіргі кезде…

Толық оқу

«Қайырлы күн, Қазақ елі!» – Энтони Блинкен Астана сапары туралы жазба қалдырды

28 ақпанда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға ресми сапармен келді. АҚШ саясаткері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Өз кезегінде АҚШ мемлекеттік хатшысы қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, АҚШ президентінің сәлемін жеткізді, деп хабарлайды Qazaq.today Saigez.kz-ке сілтеме жасап.  Одан бөлек, АҚШ мемлекеттік хатшысы С5+1 форматындағы Орталық Азия елдері министрлерінің кездесуіне қатысып, экономика, энергетика,…

Толық оқу

Теңгенің нығаю себебі неде?

Ақпан айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 445,66 теңгеге жетіп 3,2%-ға нығайды. Ұлттық банк теңгенің нығаю себептерін түсіндірді, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  «Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың бір күндегі орташа көлемі бір айда 103-тен 130 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бір ай ішінде валюта…

Толық оқу

Ауыл халқының саны азайып барады

Қазіргі уақытта еліміздің ауылдарында 7,5 миллионнан астам адам тұрады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.  Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл –  ел халқының 38,2%-ы. Урбанизация қарқынына байланысты соңғы жылдары ауыл халқының үлесі азайып келеді. Егер 2022 жылдың басында ауылдардағы халық саны 7 728 176 адамды құраса, 2023 жылдың басында бұл көрсеткіш 7 556 745 болды. Оның…

Толық оқу

Ресей президенті шенеуніктерге шетел сөздерін қолдануға тыйым салды

Ресей президенті Владимир Путин шенеуніктердің сөйлеуінде және ресми құжаттарда шетел сөзін қолдануға тыйым салды, деп хабарлайды Qazaq.today.  Осыған байланысты «Ресей Федерациясының мемлекеттік тілі туралы» заңға түзетулер енгізілмек. Заң авторларының пікірінше, бұл орыс тілін қорғауға көмектеседі. Орыс тілінде баламасы жоқ сөздер ғана қолданыста қалады, олардың тізімі жасалады. Орыс тілін міндетті түрде қолданатын салаларға мыналар жатады: барлық…

Толық оқу
Яндекс.Метрика