ЕАЭО елдерінің азаматтары қазақстандық банктерден 120 млрд теңге несие алған

Сенат депутаттары «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде несие тарихының құрамына кіретін мәліметтерді алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Келісім несие тарихының құрамына кіретін мәліметтерді алмасу тетігін, тәртібі мен шарттарын айқындайды. Депутат Сергей Карплюктің айтуынша, бүгінде ЕАЭО елдеріндегі кез келген резидент (жеке немесе заңды тұлғалар) Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы банктерден…

Толық оқу

Назарбаеваның зауыттарын қаржыландыру қитұрқылықтары ашылды

Куәгер Қазақстанда алты қоқыс жағатын зауыттың құрылысын қаржыландыруды жүзеге асыру қалай жоспарланғанын айтты. Естеріңізге сала кетейік, тергеу бұрынғы Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұловты және «ӨКМ Операторы» ЖШС басшылығын осы зауыттарды заңсыз қаржыландыру жолымен кәдеге жарату алымдары түрінде жиналған 180 млрд теңгені ұрлады деп айыптап отыр. Оның айтуынша, «ӨКМ Операторы» зауыттардың құрылысына «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ (Қазақстанның…

Толық оқу

Талдықорған әкімі жансақтау бөліміне түсті

Әкімнің ауруханаға түсуіне жоғары қан қысымы себеп болғаны хабарланды. «Бірнеше күн бұрын ауруханаға түсті. Жұмыс уақытында қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем көлігі келіп, жұмыстан алып кетті. Жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Қазір жағдайы бірқалыпты»,- делінген әкімдік хабарламасында. Айта кетейік, Әсет Масабаев Талдықорған қаласын 2022 жылдың 4 наурызынан бері басқарып келеді.

Толық оқу

Алматы студенттері экодатчиктер ойлап тапты

Алматыда студенттер жаңа экодатчик ойлап тапты. Өнертапқыштар Алматы көшелеріндегі экодатчик жұмысының алғашқы нәтижелерін де тексеріп үлгерген, деп хабарлайды Qazaq.today. Қаладағы көліктен шығатын зиянды заттардың көрсеткіші Алматы қаласының Экология басқармасы мен Полиция департаментіне берілді. Оны Алматы қаласының техникалық мамандықтар бойынша білім алатын сегіз студенті ойлап тапқан. Олар газдың нормалардан асып кету ықтималдығы жоғары автокөліктерді анықтауға мүмкіндік…

Толық оқу

«Қате құжатпен кино түсіруге мүмкіндік берген»- Ұлттық киноны қолдау орталығына қарсылық білдірді

Алматыда бір топ киногерлер енді қарсылық акциясын Астанада өткізбек. Олар апта соңында Мәдениет және спорт министрлігіне барып, кино саласындағы келеңсіздіктер жайында кеңес өткізбек. Мемлекеттік мекеме мен киногерлердің арасында өршіп тұрған даудың шешімін табу мақсатында «AMANAT» партиясы қос тарапқа алаң ұсынды. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы тарапынан орын алған келеңсіздіктерді киногерлер тағыда жайып салды, деп хабарлайды…

Толық оқу
Яндекс.Метрика