«Арызыңды қайтарып алмасаң, сені террорист қыламыз»: ҰҚК қызметкері зорламақ болған қызға қысым көрсеткен
Осыдан 2 жыл бұрын Алматы облысында бойжеткенді зорламақ болған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Сот оны 9 жылға бас бостандығынан айырған еді. Тергеу барысында қызға және оның туыстарына біраз қысым көрсетілгені анықталды. Бұл туралы жапа шеккен қыздың адвокаты Жанна Оразбахова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты. «Ол таксисит емес, Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік…
