Шымкентте субұрқақта ойнап жүрген бала қайтыс болды
Шымкентте ата-ана қарауынсыз қалған бала субұрқаққа батып кетті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл туралы ведомствоның дағдарыс жағдайлар басқармасына 24 шілдеде сағат 19.30-да хабарлама келіп түскен. «2013 жылғы ер бала Н.Назарбаев даңғылында орналасқан субұрқақта ата-анасының қарауынсыз қалып, суға шомылған. Ол оқиға орнында қайтыс болған. Қазіргі таңда сот медициналық сараптамасы тағайындалды»…
