Бүгін өңірлерде 42 градусқа дейін ыстық болады
«Қазгидромет» РМК ел аймақтарында 26 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today. Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек оңтүстікте, шығыста, елдің орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнде солтүстік-батыста тұман болады. Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жетісу,…
